Жаздың соңғы күндерінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Кезеңнің соңына қарай елдің шығысында түнгі уақытта жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады.
30–31 тамызда Шығыс Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады.
Сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Түнде 10–15°-тан 5–10°-қа дейін, күндіз 25–35°-тан 15–25°-қа дейін төмендейді.
Пікірлер