453.64 508.17 5.59
A+ A A-

ШҚО-дағы мектептерде қауіпсіздік бойынша дәріс өтті

ШҚО-дағы мектептерде қауіпсіздік бойынша дәріс өтті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 1 қыркүйекте мектептерде қауіпсіздік бойынша дәріс өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құтқарушылар оқушыларды, ата-аналар мен педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, жазатайым оқиғалар мен өрттерді болдырмауға көмектесетін ережелер туралы айтты. 

- Біздің міндетіміз - қауіпсіздік нұсқамаларын өткізу, төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелерін еске түсіру, - деді ШҚО ТЖД өкілдері. 

Мамандар атап өткендей, балалардың қатысуымен құтқару жұмыстары жиі болып тұрады. Жыл басынан бастап ШҚО ТЖД қызметкерлері 27 баланы түрлі төтенше жағдайлардан құтқарды.

Құтқарушылар ата-аналардан жауапты болуды және балаларды үйде қараусыз қалдырмауды, төтенше жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды сұрайды. 

 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив