Қазгидромет 3–5 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігінде атмосфералық қысымның жоғарылау аймағы қалыптасып, ауа райы негізінен құрғақ әрі аз бұлтты болады. Суық ауа массасының әсері біртіндеп әлсіреуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақыттағы ауа райы салқын болады.
Шығыс Қазақстанда күндіз ауа температурасының +23…+30°С аралығында жоғарылауы күтіледі.
Пікірлер