A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:50 0

Ұлан ауданында қару-жарақ арсеналы табылды

Бүгін / Ұлан

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

52 жастағы ауыл тұрғынының үйін тексеру кезінде полицейлер тұтас бір арсеналды тәркіледі. Оның ішінде тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтан жасалған бір ұңғылы кесінді, сигналдық револьвер және 50-ге жуық патрон болды.
Ер адам қару мен оқ-дәрілер оған қайтыс болған ағасынан қалғанын айтқан. 
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив