453.64 508.17 5.59
A+ A A-

ШҚО-да ер адам үйінің ауласында 156 түп қарасора өсірген

ШҚО-да ер адам үйінің ауласында 156 түп қарасора өсірген [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Глубокое ауданының 48 жастағы тұрғыны үйінің ауласында есірткі құрамдас өсімдіктер өсірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полицейлер күдіктінің үйі мен шаруашылық құрылыстарын тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған орамдарды тәркіледі. Сараптама олардың есірткі затына жататынын растаған.
Есірткі үй ауласындағы бақшадан табылды. Тәртіп сақшылары онда тағы 156 түп қарасора өсімдігін анықтады. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 34,9 келіні құраған.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив