Осыған байланысты аймақта «Қауіпті учаске картасы» жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, жобаның негізгі міндеті - балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қауіпті учаскелерге (бос ғимараттар, құрылыс алаңдары) кіруге жол бермеу арқылы апаттардың алдын алуға бағытталған.
- Жоба мұндай учаскелерді анықтауды, оларды тиісті түрде қоршауды және жою немесе қауіпсіз жағдайға келтіру шараларын қабылдауды қамтид. Бүгінде аймақта 643 қауіпті учаске анықталды, оның 462-сі жойылды, - делінген ШҚО прокуратурасы бөліскен мәліметте.
Прокурорлар мен жергілікті атқарушы органдар жұмыстарды әрмен қарай жалғастыруда.
Пікірлер