A+ A A-

talgatzhan 54 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды

Бүгін / Республика

Елімізде кітапхана ісіндегі статистика мен деректерді жүйелейтін алғашқы LABA (Library and Book Analytics) аналитикалық медиаплатформасы таныстырылды. Жаңа жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Платформа отандық кітапхана саласының бүкіл тыныс-тіршілігін бір жерге жинақтады. Онда келесі негізгі көрсеткіштер көрсетілген:

Кітапханалар желісі мен кадрлық әлеует;
Оқырмандар мен келушілер саны;
Кітап қоры және берілген әдебиеттер көрсеткіші;
Цифрлық ресурстардың қолжетімділігі.
Барлық мәліметтер құрғақ цифр күйінде емес, диаграммалар, рейтингтер, интерактивті кестелер және өңіраралық салыстырмалы талдаулар түрінде берілген. Бұл саланың даму динамикасын нақты көруге және әр өңірдің көрсеткішін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.

LABA платформасын әзірлеуге «Қазақстан кітапханалары – 2025 жыл. Мәліметтер мен сандар» атты ғылыми-сараптамалық шолу негіз болған. Жоба авторлары жаңа статистикалық есептер шыққан сайын платформадағы деректердің жедел жаңартылып отыратынын атап өтті.

Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жұмыс істейтін жүйе мобильді құрылғыларға да толық бейімделген. Бұл бастаманың авторы – ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Нұрлыхан Жұмахан.

Фото: BAQ.KZ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив