A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:00 0

Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлерінің жалақысы 26%-ға өсті

Бүгін / Республика

Қазақстанда ветеринария саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында ветеринариялық қызметті жетілдіру, еңбек жағдайларын жақсарту және саланың кадрлық әлеуетін нығайту бағытында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Соның нәтижесінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасы қызметкерлерінің жалақысы 26%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің хабарлауынша, Еңбекақыны арттыру қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, ветеринария саласының тартымдылығын арттыруға, білікті мамандарды сақтап қалуға және жаңа кадрларды тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлері ветеринария саласын дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсартуға және кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған шешімдерді қолдағаны үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне алғыстарын білдірді.

Ветеринария саласы мамандарының еңбек жағдайларын жетілдіру және әлеуметтік қорғалуын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Алдағы уақытта ветеринариялық қызметтің басқа да бөлімшелері қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жағдайларын кезең-кезеңімен жақсарту мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

Осыған дейін «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артқаны туралы жаздық. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив