A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:50 0

Өскеменде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Бүгін / Өскемен

Астана, Өскемен қалалары мен Алматы облысында 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Polisia.kz мәліметінше, қолға түскендердің үшеуі бұрын сотталғандар. Тінту кезінде күдіктілерден суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ бірнеше қымбат автокөлік тәркіленді.
Қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар Атырау, Абай, Ақтөбе және тағы бірнеше облыста жүргізілген. 
– Аталған фактілер бойынша 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Заңсыз айналымнан 10-нан астам атыс және травматикалық қару, сондай-ақ оларға тиесілі оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар уақтылы қабылданған шаралар арқасында жәбірленушілердің 77 млн теңгеден астам қаражатты иемденуге жол берілмеді, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазір қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары заңсыз әрекеттерге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тартуды жалғастыруда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив