Аталған шара облыстың 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасына енгізілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құжатқа сәйкес, биыл бұл мақсатқа 150 млн теңге, ал 2027 және 2028 жылдары 100 млн теңгеден бөлу көзделген.
Жоспары өңірлік мәслихат қарауына ұсынылған. Шешімге сәйкес, жоба құжат бекітілген соң қолданысқа енгізіледі.
Құжатта жұмыстар нақты Өскемен қаласы аумағындағы радиациялық ластанған учаскелерге қатысты екені көрсетілген. Алайда ұсынылған материалдарда олардың нақты орналасқан жері, саны, аумағы туралы мәліметтер көрсетілмеген.
Пікірлер