10-13 қыркүйек аралығында сағат 10:00-ден бастап жол өткелінің құрылыс жұмыстарына байланысты айналма жол қиылысының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімдігі мәліметінше, осыған байланысты айналма жолдағы көлік қозғалысы схема бойынша ұйымдастырылады. Жол учаскесіне тиісті жол белгілері мен қоршаулар қойылады.
Сонымен қатар Есенберлин даңғылының айналма жолға қарай бағытталған бөлігі де жабылады. Бұл бағыттағы көлік қозғалысы Сәтбаев даңғылы арқылы ұйымдастырылмақ.
Пікірлер