A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:30 0

Өскеменде қыздың көзінше бейәдеп қылық жасаған жолаушы полиция бөліміне жеткізілді

Бүгін / Өскемен

9 қыркүйекте №60 бағыттағы автобуста болған оқиға әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бейнежазбада ер адамның кіндіктен төмен тұсын жауып отырғанын көруге болады. Жолаушы қыздың айтуынша, ер адам алдымен оған қарама-қарсы отырған, кейін жанына ауысты. Сосын пакетпен бүркемеленіп, әдепсіз әрекет жасапты. Қыз болған жағдайды жүргізушіге хабарлаған.
ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, жолаушының жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив