A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:45 0

42 отбасыны баспаналы қылған қор өкілдері Өскеменде тағы бір жанұяны қуантуға ниетті

Бүгін / Өскемен

«Асар-Уме» қайырымдылық қоры осы сенбіде қалада ерекше күтімді қажет ететін баласы бар отбасыға баспана алып беру үшін қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған іс-шара 12 қыркүйек күні АДК сауда орталығының 3-қабатында орналасқан MOTI кафесінде өтеді. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат мұқтаж отбасыға үй алып беруге бағытталады.
– Өмірдің небір қиындығын көрген отбасыларға көмек көрсетіп, оларға баспана алып беру – маңызды іс. Қолынан келген әр адам көмектессе дейміз. Өскеменде бес баланы тәрбиелеп отырған отбасы бар. Арасында ерекше күтімді қажет ететін бір бала бар. Сол отбасыға баспана сыйлағымыз келеді. Сондықтан 12 қыркүйекте MOTI кафесінде қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырамыз. Кафеге түскен барлық қаражат отбасыға үй алуға бағытталады, – деді «Асар-Уме» қайырымдылық қоры модераторы, ерікті Серік Қамбарбаев.
Сонымен қатар қайырымдылық қорларының әр облыста арнайы модераторлары бар екені де айтылды. Олар көмекке мұқтаж отбасыларды анықтап, еріктілермен бірге қолдау көрсетеді.
– Осы уақытқа дейін біз Өскеменде еріктілер мен серіктестерімізбен бірігіп, 42 отбасыға баспана сыйладық. Қайырымдылық акциясы арқылы мұқтаж отбасыларға, балаларға және қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсеткіміз келеді, – деді ерікті. 
Ұйымдастырушы Өскемен тұрғындарын, кәсіпкерлерді, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерді қайырымдылық акциясына атсалысуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив