453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Самар ауданындағы су жүйелерін қайта жаңғыртуға 2,5 млрд теңге бөлінді

Самар ауданындағы су жүйелерін қайта жаңғыртуға 2,5 млрд теңге бөлінді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ауданы тұрғындарымен кездескен өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов бес жылда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға баса назар аударылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сөзінше, осы бағытта 2020-2025 жылдар аралығында біршама ауқымды жоба сәтті жүзеге асырылды.
– Атап айтсақ, су жинау құрылыстары бойынша Самар ауылында 789,4 млн теңгеге реконструкция жүргізілді. Су құбыры желілері бойынша ауылдағы су жүйелерін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бағытталды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Аймақ басшысы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары мұнымен тоқтамайтынын атап өтті. 
– Жоспарға сәйкес 2026-2028 жылдары Самар ауылында ұзындығы 3,2 шақырым болатын магистральдық су құбыры тартылады. Көкжота ауылында 711 млн теңгеге су құбыры желілері мен жаңа құрылыстар бой көтереді, – деді ол.

Әдемі АМАНГЕЛДІ
Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив