453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Финал әсер етті: Қазақстанда енді командалық көкпарға мән берілмек

Финал әсер етті: Қазақстанда енді командалық көкпарға мән берілмек [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Жуықта әр облыстан жиналған жаппай көкпар федерациясы басшылары мен ақсақалдар командалық көкпарды дамыту бойынша ұсыныс айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олар ең алдымен жақында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тоқталып, көкпар мен көкбөру бойынша финалдық бәсекелерді мысал етті. Олардың бейнеүндеуі де соның аясында әзірленген.
– 2025 жылы 273 жаппай көкпар тойы тіркеліпті. Бұл рекорд. Енді мынадай жағдай. Жаппай көкпардың отаны саналатын Түркістан облысындағы той беруші азаматтарға ұсыныс білдіргіміз келеді. Жаппай көкпар тойын берер алдында әрбіріңіз күндіз үш сағат командалық көкпар өткізіп, осыған көңіл бөлсеңіздер дейміз. Ертең ат жоқ, жаттықтырушы бүйтті, үкімет тарапынан көңіл бөлінбеді, анау-мынау демей, өзіміздің қазақ жігіттері, ағалар, інілер бірігіп, командалық көкпарды көтерейік, – делінген бейнеүндеуде. 
Әрі қарай мықты аттар сатып алып, той алдында командалық  көкпар өткізу арқылы төл спортты жаппай көкпардың көлеңкесінде қалдырмау орынды саналды.

Фото: Kazinform
Дереккөз:  707_kokpar

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив