A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:00 0

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін / Республика

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін, 11 қыркүйекте Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» болжамынша, бірқатар облыста нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл соқса, кей өңірлерде қатты жел, тұман және шаңды дауыл болжанады.

Қарағанды облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Жел екпіні кей аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді. Ұлытау облысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.

Ақтөбе облысында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Қостанай облысының бірқатар ауданында қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ақмола облысында жаңбыр мен найзағайдан бөлек, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болжанған.

Маңғыстау мен Атырау облыстарының кей бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жел күшейеді. Түркістан облысының кей аудандарында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі.

Алматы облысында күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Қонаевта 35 градус ыстық болжанған.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив