12 қыркүйек күні сағат 09:00-де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, сенбілік аясында қала аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
– Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерінен өздеріне іргелес аумақтарды абаттандыруды сұраймыз. Бұл жұмыстар қала аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Таза қала – баршамызға ортақ жауапкершілік! – делінген ақпаратта.
Пікірлер