A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина сатып алынбақ

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сенсек, өткен маусымда облыста ЖРВИ-дің 216 982 жағдайы тіркелген. Оның 129 948-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Бұл барлық науқастардың 59,8%-ын құрайды.
Зертханалық зерттеу нәтижесінде тұмаудың 182 жағдайы расталды. Оның 93-і балалар арасында тіркелген. 2024-2025 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тұмаумен сырқаттану 4,6 есеге артқан. Өткен эпидемиологиялық маусымда өңірде коронавирус инфекциясының екі жағдайы анықталды. Алдыңғы маусымда COVID-19-дың 25 жағдайы тіркелген.
Мамандар мәліметінше, алдағы маусымда ел аумағында A(H3N2), A(H1N1)pdm09 және B (Victoria) тұмау вирустары таралуы мүмкін. Өткен маусымда зертханалық жолмен A(H3N2) вирусы анықталған.
ШҚО-да жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина сатып алу жоспарланып отыр. Вакцинация науқаны 15 қыркүйекте басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Вакцинаны облысқа жеткізу 14 қыркүйекке жоспарланған.
Ең алдымен жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, балалар және 60 жастан асқан тұрғындар вакцина алады. Қалғандары екпені өз қаражаты немесе жұмыс беруші есебінен салдыра алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив