A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:05 0

Алтайдағы кәсіпорынның тұтынушылар алдындағы берешегі 259 млн теңгеден асты

Бүгін / Алтай

«Тепловодоцентраль» кәсіпорны тұтынушылардың коммуналдық қызметтер бойынша берешегіне байланысты қаржылық қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алтай ауданы әкімдігі мәліметінше, 8 қыркүйектегі жағдай бойынша тұтынушылардың жалпы берешегі 259,47 млн теңгеге жеткен. Қарызы барлар қатарында жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер бар.
Кәсіпорын өкілдер берешектің уақтылы өтелмеуі тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер алдындағы кредиторлық қарыздың қалыптасуына әкелгенін айтып отыр. Қазір 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына қажетті көмір мен электр энергиясы ақысын төлеу мәселесі туындады.
«Тепловодоцентраль города Алтай» КМК төлемдердің уақтылы түспеуі кәсіпорын есепшоттарының бұғатталуына әкелуі мүмкін екенін ескертеді. 
Кәсіпорын басшылығы тұтынушыларды коммуналдық қызметтер бойынша берешекті кешіктірмей өтеуге шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив