«Адам өлтірді» деп күдікке іліккен досының халін білуге келген жігіттер күтпеген жерден тергеуге алынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.қамауда отыр
Ресми ақпаратпен өңірдегі ҚАЖ департаменті өкілдері бөлісті. Мәлім болғандай, қамауда отырған адамның достары оны қолдау мақсатында кездесуге келген. Дегенмен келушілерді тексеру кезінде олардың аяқ киімінен өсімдік тектес зат анықталған.
– Тексеру кезінде тыйым салынған заттың аяқ киімнің ішкі бөлігіне, ұлтарақтың астына жасырылғаны белгілі болды. Анықталған зат тәркіленіп, оның түрі мен салмағын анықтау үшін сараптамаға жіберілді, – делінген ақпаратта.
Департаменттің ресми өкілі Салтанат Ожиканованың сөзінше, аталған фактіге сәйкес материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.
Айта кетейік, ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс аясында күдікке ілініп, қамауда отыр. Қазіргі аталған факті бойынша тиісті тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама қорытындысы заттың нақты түрі мен құрамын анықтайды.
Пікірлер