453.64 508.17 5.59
A+ A A-

ШҚО спортшылары Президент қолынан марапат алды

ШҚО спортшылары Президент қолынан марапат алды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Президент қолынан марапат алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен спорттағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ Бішкек қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға сүбелі үлес қосқан бірқатар споршының еңбегі еленді. Олар ішінде сегіз жерлесіміз бар. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. 

«Құрмет» ордені:

Қабдоллаева Аяш Советбекқызы – Глубокое кентінің балалар шығармашылығы үйінің мұғалімі,

«Ерен еңбегі үшін» медаліне: 

1) Байғонов Дамир Маратқанұлы – Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубының оқытушы-жаттықтырушысы, 
2) Жәпішев Ермек Жұмабекұлы – Кәкен Аханов атындағы орта мектебінің мұғалімі, Ұлан ауданы
3) Ошабаев Достан Алмабекұлы – Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы департаментінің инспекторы
4) Серғазин Сұңғат Мұратұлы – Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі мұғалімі
5) Уалиев Азамат Александрович – «Б Агро» ЖШС қызметкері, Өскемен
6) Уалиев Ерлан Александрович – Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубының жаттықтырушысы;
7) Шәкіртов Дінислам Лұқбекұлы – Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубының оқытушы-жаттықтырушысы, 
8) Шәріпов Дәурен Мырзабосынұлы – Тарханка орта мектеп-балабақша кешені мұғалімі, Глубокое ауданы
9) Шишкин Константин Владимирович – Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің қызметкері ие болды.

Фото: Ақорда

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив