Кеше ҚПЛ-дың 26-туры аясында «Алтай Өскемен» сырт алаңда жезқазғандық «Ұлытаумен» жолықты деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Вахид Масудов шәкірттері бұл жолы қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соғып, маңызды үш ұпайға ие болды.
Өскемендік клуб сапында Дарко Додев есеп ашып, ары қарай Сейф Попов дубль жасады. Осы жеңістен соң «Алтай Өскемен» 16 команда ішінде 11-орынға көтерілді.
Фото: shqo_sport_basqarmasy, kazfootballkz
Пікірлер