Өткен демалыс күндері облыс орталығындағы Ертіс өзенінде катермен серуендеген 6 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, катер кенеттен істен шығып, ондағы адамдар жағаға өздері жете алмаған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, демалушыларды жағаға аман-есен шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне дереу хабарласуды сұрайды.
Фото: ШҚО ТЖД
Пікірлер