Өңірде заңсыз айналымдағы атыс қаруын анықтап, қарумен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 дана атыс қаруы тәркіленді. Атап айтқанда, қару сақтау талаптарын бұзудың 7 дерегі тіркеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша рәсімделді. Қаруды тіркеу ережелерін бұзудың 5 фактісі анықталды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабыне сәйкес қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру фактісімен үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер