A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгеруде?

Бүгін / Республика

Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Әсіресе картоп, пияз және қырыққабат арзандады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының 9 қыркүйектегі мәліметі бойынша, картоп 6,9%-ға, пияз – 5,9%-ға, аққауданды қырыққабат – 5,1%-ға, сәбіз – 4,5%-ға арзандады.

Сондай-ақ алма – 0,8%-ға, нан – 0,4%-ға және ірімшік – 0,3%-ға шамалы төмендегені байқалды. 

Бұл ретте бірінші сортты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе (творог) бағасы бір апта ішінде өзгерген жоқ.

Өнімдер қай жерде арзан?

  • Картоптың ел бойынша орташа бағасы килограмына 217 теңгені құрады. Ең қолжетімді картоп Павлодарда – килограмы 152 теңге, сондай-ақ Қостанайда – 184 теңге болып тіркелді.

  • Пияздың орташа бағасы килограмына 156 теңге болды. Ең төменгі баға да Павлодар қаласында байқалды – 123 теңге.

  • Сәбіздің орташа құны килограмына 227 теңгені құрады, ал Павлодарда оны орта есеппен 146 теңгеден сатты.

  • Қызанақ (помидор) ел бойынша орта есеппен килограмы 586 теңге тұрды, ал ең төменгі баға Таразда тіркелді – 347 теңге.

Ет өнімдерінің жағдайы

Қазақстан бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы килограмына 3 819 теңгені, тауық еті 1 747 теңгені құрады.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістанда 0,1%-ға төмендеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Таразда бағалар өткен аптаның деңгейінде қалды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив