100 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп күдікке ілінген әйел арада 16 жылға жуық уақыт өткенде табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға 2010 жылы басталған. Сонда облыс тұрғыны Бұқтырма жағалауында үй салу үшін серіктесіне 100 миллион теңгеден астам қаражат берген. Бірақ кейін тараптар арасындағы қаржылық міндеттемелер орындалмаған. Қолына қомақты қаржы тиген әйел байланысқа шығудан қалды.
Ақыры іс сот орындаушысына өтіп, әйелге іздеу жарияланған. Ол бұрынғы мекенжайынан көшіп кетуі себепті хабарсыз кетіпті. Облыстық көші-қон қызметі мамандары кейінірек оның көршілес ел аумағында жүргенін анықтады.
Оның орналасқан жері туралы ақпарат атқарушылық іс жүргізу аясында шара қабылдау үшін сот орындаушысына берілді. Көші-қон қызметі мәліметінше, жыл басталғалы облыста іздеуде жүрген 70-тен астам адамның орналасқан жері анықталды.
Фото: pricom.kz
Пікірлер