Қаладағы Новаторов көшесі, 13 және 15-үйлердің ауласындағы футбол алаңы қайтадан көңіл көншітпейтін жағдайға түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
14 қыркүйекте түсірілген фотолардан жасанды жабынның көптеген жері жыртылып, негізінен ажырап кеткенін көруге болады. Алаңның біраз бөлігінде қиыршық тас үгінділері жатыр. Ал қоршау сыртында қоқыс үйінділері көрінеді.
Соған қарамастан алаң әлі де пайдаланылып келеді. Мұнда балалар мен жасөспірімдер футбол ойнайды. Алайда жабынның мұндай күйі қауіпсіздік тұрғысынан да алаңдатады. Аталған футбол алаңы бұған дейін де нысан бірнеше рет жөндеуді қажет еткен.
2008 жылы жүргізілген жөндеуден кейін төселген жасанды жабынның толықтай дерлік тозғаны хабарланған. 2022 жылдың тамызында қала әкімдігі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінгенін хабарлап, «СК КазАлем» мердігер компаниясының жұмысқа кіріскенін мәлімдеді. Алайда араға төрт жыл салып, футбол алаңының жабыны қайтадан ауыстыруды қажет етіп отыр.
Нысан қала әкімдігіне қарасты «Самғау» мәдени қызмет пен бұқаралық спортты дамыту орталығының балансында.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі алаңды жөндеу келесі жылы жоспарланып отырғанын, ал биыл мұндай жұмыстар бюджетте қарастырылмағанын хабарлады.
Пікірлер