453.64 508.17 5.59
A+ A A-

ҚР Президенті телерадиокешені директорының жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті телерадиокешені директорының жаңа орынбасары тағайындалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Еркежан Күнтуған Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Еркежан Күнтуғанның медиа саласында мол тәжірибесі бар. 2023 жылдың қаңтарынан бері Jibek Joly телеарнасының директоры қызметін атқарып келді, ал оған дейін Президент Телерадиокешенінде креативті директоры болды.

Әр жылдары Atameken Business телеарнасында атқарушы продюсер, «Евразия» телеарнасында креативті продюсер болып жұмыс істеген.

Еркежан Күнтуған бұл қызметінде ҚР Президенті Телерадиокешені қызметінің негізгі бағыттарын үйлестіруге атсалысады. Оған телевизиялық контентті дамыту, ақпараттық және шығармашылық жобаларды іске асыру, сондай-ақ өндірістік үдерістерді жетілдіру кіреді.

Фото: Kazinform сайтынан

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив