A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:15 0

ШҚО-да жыл басталғалы 22 адам өрттен көз жұмды

Бүгін / ШҚО

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов үйді-үйді аралап, түсіндіру жұымстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы бойынша рейдтер өткізіліп тұратын көрінеді.
– Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй секторын өрт пен көміртек тотығымен уланудан қорғау департаменттің маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді. Талдамалық мәліметтерге сәйкес, адамдардың көз жұмуы мен жарақаттану фактілері азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін білмейтінін көрсетеді, – деді Нұржан Өміржанов.
Өткен жылыту кезеңінде өңірде 460 өрт тіркелген. Оның 341-і тұрғын үй секторында болды. 
– Бұл барлық өрттің шамамен 74 пайызын құрайды. Жеке тұрғын үй секторында былтыр 21 адам ажал құшса, биыл 22 адам көз жұмды, – деді басқарма бастығы.
Адам өлімінің негізгі себептерінің 54,5 пайызы отты қолдану кезіндегі салғырттықпен қабысқан. Сонымен қатар көміртек тотығымен улану фактілері де тіркеліп отыр. 
– Жыл басталғалы облыста көміртек тотығынан 21 адам зардап шеккен. Оның ішінде 6 адам қайтыс болды, – деді азаматтық қорғау подполковнигі.
ТЖД өкілдері жылыту маусымы басталғанға дейін тұрғындарға пештерді, мұржаларды және электр жылыту құрылғыларын тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив