Өңірде әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлеріне көміртек тотығы датчиктерін орнату жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, орнатылған датчиктер тұрғындарды көміртек тотығының таралуы туралы дер кезінде ескертіп, бірнеше жағдайда адам өмірін сақтап қалған.
– Осының арқасында Шемонаиха ауданында 2 адам құтқарылды. Соңғы 6 жылда облыс бойынша 17 мыңнан астам датчик орнатылып, олар 40 адамның, оның ішінде 32 баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді, – деді Нұржан Өміржанов.
ТЖД мәліметінше, өрттер мен адам өлімінің алдын алу мақсатында 2026-2027 жылдардағы жылыту кезеңіне тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген.
– Өрттер мен адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында 2026-2027 жылдардағы жылыту кезеңіне тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 2 758 адам есепке алынды, – деді басқарма бастығы.
Пікірлер