A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:50 0

ШҚО әкімі өскемендік қара күш иесін Мемлекет басшысы атынан марапаттады

Бүгін / ШҚО / Өскемен

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері, өскемендік стронгмен Вадим Макарцовқа Президент атынан есімі жазылған сағат пен Алғыс хат табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынап, жоғары нәтиже көрсеткен.

– Жерлесіміз стронгмен сайысында кілең мықтылармен, соның ішінде Ресей және Иран спортшыларымен бәсекеге түсіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл – өңіріміз үшін үлкен жетістік, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар аймақ басшысы спортшыны жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда да жеңіс тілейтінін жеткізді.

– Екі жылдан кейін Қазанда өтетін кезекті сайысқа қатысады. Саған жанкүйер болып, жаңа жеңістерін күтеміз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив