Айбек Ажикеновті іздестіру ісі тамыз айының 21-күні тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми дерек qamqor.gov.kz сайтында жарияланды. Соған сенсек, Айбек Тоқтағынұлы 1980-жылдың 30-қазанында туған. Іздестіру ісі биыл тамыз айының 21-күні Шығыс Қазақстан облысы аумағында тіркелді.
– Бастамашысы – ҚР ІІМ. Іздестіруді жүргізетін орган – Өскемен қалалық Полиция басқармасы, – делінген мәліметте.
25 күннен бері табылмай жатқан адамның қандай қылмыс жасағаны жазылмады.
Фото: qamqor.gov.kz
Пікірлер