A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 16:10 0

ШҚО-да жер үйлер сатылмай жатыр

Бүгін / ШҚО

Облыста жеке тұрғын үйлерді сату көрсеткіші бір айда 15%-ға төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, биыл тамызда ел бойынша жер үйлерді сату бойынша 8 088 мәміле тіркелген. Бұл шілде айымен салыстырғанда 5,8% аз.

Шығыс Қазақстандағы көрсеткіш республикадағы орташа төмендеуден де жоғары болды. Облыста жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны бір айда 15% кеміген.

Салыстыратын болсақ, Қызылорда облысында жер үйлерді сату 7,8%, Қарағанды өңірінде 6,3%-ға артқан. Жетісу облысында да өсім байқалып, мәмілелер саны 2,7% көбейген.

Ұлттық статистика бюросы кестесіне сәйкес, Шығыс Қазақстанда жеке үйді сатып алу бойынша 295 мәміле тіркелді. Ұлытау өңірімен қатар алғанда, бұл өңірлер бойынша ең төмен көрсеткіш. Ал көппәтерлі үйлерді сату бойынша 760 мәміле жасалған.

Редакция тілшісі осы тақырып төңірегінде сауалнама жүргізген болатын. Оған қатысқандардың басым бөлігі ауылдардағы жер үйлердің бағасы мен жағдайы сәйкес келмейтінін айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив