A+ A A-

talgatzhan 25 Бүгін, 17:10 0

Айдын Рақымбаев Құлынжондағы ескі үйін жөндеп, мұғалімдерге сыйламақ

Бүгін / ШҚО / Самар

Миллиардер Айдын Рақымбаев Самар ауданына қарасты Құлынжон ауылында әкесі салған, өзінің балалық шағы өткен үйді қайта сатып алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Отыз жыл бұрын кәсіпкер ата-анасын қалаға көшіріп әкеткенде, әкесі үйді екі фляга майға сатыпты. Кейін кәсіпкер үйдің сатылымға қойылғанын естіп, қайта сатып алуға шешім қабылдаған.

– Бұл үйде менің балалық шағым өтті. Қазір өз ұлымды да алып келдім. Бала кезімде үй де, ауладағы ағаштар да үлкен көрінетін. Қыста ата-анам қорадағы бұзау мен қозылар тоңып қалмасын деп үйге кіргізіп, оларды кереуеттің аяқтарына байлап қоятын. Мұндай жағдай сол кездегі көптеген отбасыға таныс еді, – деп еске алды Айдын Рақымбаев.

 

Кәсіпкер үйді жөндеуден өткізіп, Құлынжон ауылындағы жаңа мектеп ұстаздарына пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Ол аталған мектепті 1989 жылы тәмамдаған. Ал өткен аптада жаңа мектеп ғимаратының корпусы ашылды. Осыған байланысты мұғалімдер саны да артып, жөнделген үй ұстаздарға қажет болады деп есептейді.

– Қара шаңырағымыз отбасымызға талай жыл қызмет етті. Енді ұстаздарға, мектепке, ауылға пайдасы тисін. Үй қабырғалары әлі де мен үшін естелікке толы. Бала Айдын оны жылы әрі берекелі үй ретінде көріп өсті. Келесі ондаған жылда да осындай болып қалса екен, – деді кәсіпкер.

 

Айдын Рахымбаев жайлы

Айдын Рахымбаев Forbes Kazakhstan рейтингінде былтырғыдан бір саты жоғарылаған. Биыл ол алғаш рет Forbes журналының әлемдік миллиардерлер тізіміне еніп, 1,1 млрд доллар дәулетімен 3185-орынға жайғасты.

Фотосуреттер: Айдын Рақымбаевтың жеке парақшасынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив