«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, 16 қыркүйекте Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ Алматы, Атырау, Өскемен және Семейде болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде желсіздік, әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы сияқты факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер етеді. Соның салдарынан елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі мүмкін.
Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерлерде серуендеуді шектеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тарту ұсынылады.
Сондай-ақ ашық ауада физикалық жүктемені шектеп, спортпен жабық нысандарда айналысқан жөн. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.
Пікірлер