A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 09:55 0

Өскеменде болған жол апаты бойынша тексеріс басталды

Бүгін / Өскемен

Екі жеңіл көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шекті. Жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға 15 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында Қазақстан көшесінде болған. Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі бағдаршам жасыл жанған кезде солға бұрылған. Алайда қарсы бағытта түзу келе жатқан Chevrolet Lacetti автокөлігіне жол бермеді.
Сол сәтте Mitsubishi көлігінің жолаушысы зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив