A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 11:00 0

2027 жылғы егіс науқанына қаржы беру 1 қазанда басталады

Бүгін / Республика

«Аграрлық несие корпорациясы» 1 қазаннан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 2027 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арналған өтініштерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қаржыландыру «Кең дала 2» бағдарламасы аясында беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% деңгейінде белгіленген.

Ерте қаржыландыру тетігі аграршыларға келесі маусымға алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді, яғни олар қажетті ресурстарды сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеп, алдағы өндірістік шығындарын жоспарлай алады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, «Аграрлық несие корпорациясы» бұл тетікті алғаш рет 2024 жылдың соңында енгізген. Содан бері ауыл шаруашылығы өндірушілері егіс науқаны басталғанға дейін қаржыға қол жеткізіп келеді.

Қаржыландыру көлемі де артып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Кең дала 2» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 501,5 млрд теңге берілген. Ал 2026 жылғы маусым бойынша 16 қыркүйектегі жағдайға сәйкес қаржыландыру көлемі 664,4 млрд теңгеге жетті.

Бағдарлама бойынша қаржыны екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және «Аграрлық несие корпорациясының» филиалдары арқылы алуға болады.

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 1 қазанда басталады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру 22,3%-ға артқанын жазғанбыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив