A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:35 0

Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді

Бүгін / Алтай

17-19 қыркүйек аралығында Өскеменде  «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Алтай ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, беп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

17 қыркүйек күні сағат 10:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттермен кездесу ұйымдастырылады.
18 қыркүйекте қала тұрғындары мен қонақтары бірқатар мәдени іс-шараға қатыса алады. Сағат 10:00-ден бастап арбатта Алтай ауданының мәдениеті, табиғаты мен туризмі таныстырылады. Сондай-ақ экологиялық бастамалар, өлкенің дәстүрі және заманауи технологиялар мен жасанды интеллектінің ауданға ашып отырған мүмкіндіктері көрсетіледі.
Сағат 17:00-де облыстық филормонияда «Алтай: цифрлық болашақ аумағы» атты көрме өтеді. Көрмеде ауданның қазіргі тыныс-тіршілігі, жетістіктері, жобалары таныстырылады.
Ал сағат 18:00-де филармонияның концерт залында Алтай ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
19 қыркүйек күні сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің өнімдерін қолжетімді бағада сатып алуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив