Жаңа оқу жылы қарсаңында Серікбаев және 30-шы Гвардиялық дивизия көшелері қиылысында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оған «Студенттер аллеясы» атауы берілді. Аумақты абаттандыру жұмыстары барысында жер телімі ретке келтіріліп, шағын сәулет нысандары орнатылған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолына тас төселіп, тұрғындарға арналған жаңа қоғамдық кеңістік қалыптастырылды.
Жаңа нысанды аралаған Өскемен әкімі Алмат Ақышов абаттандыру сапасына назар аударды.
– Ең бастысы – сапа. Екі жылдан кейін ұятқа қалатындай жағдай болмауы керек, – деді қала әкімі.
Пікірлер