Ушанов алаңынан Комендант көпіріне дейінгі аралықта жол бойындағы ағаштарды кесіп, қурағандарын шығару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Таза Өскемен» мекемесі мәліметінше, жұмыстар тұрғындар мен көліктерге қауіп төндіруі мүмкін жағдайда ұйымдастырылған. Жұмыс барысын компания директоры Марат Жаркеткенев бақылап отыр.
– Тамыры шіріп, шамадан тыс биіктеген ағаштарға ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай ағаштар қатты жел кезінде жолға, тротуарға немесе тұрғын үйлерге құлауы мүмкін, деді ол.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін кесілген бұтақтар арнайы техникамен шығарылып, аумақ тазаланады, – делінген ақпаратта.
Коммуналдық қызмет өкілдері айтуынша, аталған жұмыстар көше аумағын ретке келтіріп, тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Пікірлер