A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:15 0

ШҚО-да үздік демалыс базасы мен үздік қонақ үйді анықтайды

Бүгін / ШҚО

Өңірде Дүниежүзілік туризм күніне орай байқау өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байқау өңірдегі туризмді дамытып, ілгерілетуге белсенді үлес қосып жүрген туристік сала өкілдерін анықтап, ынталандыруға бағытталған.
ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасы мәліметінше, байқау алты номинация бойынша ұйымдастырылады:
— «Үздік қонақ үй»;
— «Үздік демалыс базасы»;
— «Үздік сауықтыру нысаны»;
— «ШҚО-ның үздік туроператоры»;
— «Туризм саласындағы үздік блогер»;
— «Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін».

Байқауға өтінімдер 21 қыркүйекке дейін қабылданады. Қатысуға ниеттілер тиісті номинациялар бойынша Google Forms арқылы өтінім бере алады.
Байқау ережесі мен өтінім формаларының сілтемелері облыстық Туризм және инвестициялар басқармасының ресми сайтында жарияланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив