Жәрмеңке «Алтай» сауда орталығы аумағы мен «ДосНар» сауда орталығы маңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара 19 қыркүйекте сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан жаңа «Алтай» сауда орталығының аумағында және «ДосНар» сауда орталығында өтеді.
Бұл жолы жәрмеңкеде Алтай ауданының шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлері тұтынушыларға ет, балық, сүт өнімдері, күнбағыс майы және басқа да тауар түрлерін ұсынбақ.
Жәрмеңкеге қойылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға болады.
Пікірлер