A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:10 0

Өскеменде жол жууға 300 млн теңге бөлінеді

Бүгін / Өскемен

Қалада жолдарды жууға 2026-2028 жылдары 300 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Әр жылға 100 млн теңгеден қарастырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шығындар облыстың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына енгізілген. Алайда құжатта қанша шақырым жол жуылатыны, жұмыстардың жиілігі және бағдарламаға қандай көшелер кіретіні көрсетілмеген.
Жол жуу жұмыстарының көлемі мен жиілігі 2023 жылы өткен жиындарда талқыланған. Жарияланған материалдарға сәйкес, сол кезде бұл мақсатқа жыл сайын 106 млн теңге бөлінген. Жұмыстар Өскеменнің жалпы аумағы 2,13 млн шаршы метрді құрайтын негізгі орталық көшелерінде жүргізілген. Жолдар маусым бойы 17 рет, яғни айына шамамен екі рет жуылған.
Сол жиындардың бірінде орталық көшелерді жуу жиілігін аптасына бір ретке дейін арттыру үшін қосымша 582 млн теңге қажет екені айтылған.
Ал 2026-2028 жылдарға жоспарланған жұмыстардың нақты көлемі мен жиілігі әзірге жарияланған жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив