Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов жуықта ашылады деген медициналық мекемеге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметі хабарлауынша, кешен жалпы ауданы 38 шаршы метрден асатын үш ғимараттан тұрады. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Келесі кезекте медициналық жабдықтарды жеткізу мен орнату, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары тұр.
Одан бөлек, асфальттің екінші қабатын төсеу жоспарланған.
Фотосуреттер: Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер