453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Қазақстандық дәрігерлерді оқытуға израильдік мамандар тартылуы мүмкін

Қазақстандық дәрігерлерді оқытуға израильдік мамандар тартылуы мүмкін [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстан мен Израиль медициналық кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу және заманауи медициналық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайытна сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов Израильдің Berman Group компаниясының директоры Марк Берманмен кездесті.

Тараптар қазақстандық дәрігерлерді тәжірибеге бағытталған оқыту, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық ұйымдарда израильдік мамандардың қатысуымен мастер-кластар өткізу мүмкіндігін қарастырды.

«Алынған білім мен технологиялар біздің медициналық ұйымдарда қолданылып, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға қызмет етуі тиіс», – деді Манас Рамазанов.

Кездесуде мамандар даярлау, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелеріне де назар аударылды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив