453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Өскемен тұрғындарын жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеуге шақырып жатыр

Өскемен тұрғындарын жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеуге шақырып жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

«Ашық НҚА» порталында қала әкімдігінің «Қоғамдық көлікте бірыңғай және сараланған тарифті бегілеу туралы» қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір жолаушылар қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 90 теңге, ал қолма-қол төлем кезінде 130 теңге төлеп жүр. Жаңа тарифтер бекітілсе, жолақы тиісінше 30 және 70 теңге қымбаттайды. 
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ақпаратынша, тарифті қайта қарау қажеттігі тасымалдаушылар шығынының өсуіне байланысты. Соңғы жылдары жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, техникалық қызмет көрсету және автобустарды жөндеу, салық, коммуналдық қызметтермен қоса жүргізуші мен кондуктор еңбекақысына жұмсалатын шығын артқан.
– Қолма-қол ақшасыз төлем кезінде төмен тариф белгілеу жолаушылардың электронды төлем тәсіліне көшуіне бағытталған, – деп түсіндірді бөлім мамандары.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив