Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округіне қарасты Зайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төтенше жағдай кезінде қайықта үш адам болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратынша, қайықтың аударылуына қатты жел екпіні себеп болған. 1968 жылы туған балықшы жағаға жүзіп шығып, жергілікті тұрғындар көмегімен құтқарылды. Ал 1968 және 1995 жылдары туған екі ер адам батып кеткен.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, іздеу жұмыстарына облыстық ТЖД құралдары, дрон, катер және суасты дроны жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар да қайықпен іздеуге кірісті.
Пікірлер