Өскемендік Бекзат Мырзақанов IELTS емтиханынан 9 балдық жүйе бойынша 8,5 балл жинап, қомақты сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бекзат ағылшын тілін «Tilu» онлайн ағылшын тілі мектебінде үйреніп, кейін IELTS емтиханын тапсырған. Жоғары нәтиже көрсеткені үшін оған компания атынан 1 млн теңге сыйақы табысталды.
Жүлде 13 қыркүйек күні Алматыда өткен «Tilu Fest» фестивалінде жеңімпазға табыс етілді.
Айта кетейік, фестивальге 53 мың адам қатысқан.
Пікірлер