A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 16:30 0

Тереңсайды айналып өтетін жаңа жол қарашада пайдалануға беріледі

Бүгін / ШҚО / Катонқарағай / Алтай / Басты

Өңірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, туристік бағыттарға апаратын жолдар сапасы мен қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта қолға алынған жобалардың бірі – Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол құрылысы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде ұзындығы 12 шақырымға жуықтайтын жолдың негізгі бөлігі дайын. Жолды қараша айының бірінші онкүндігінде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазір көпір құрылысын аяқтау ғана қалды.
Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа жолға барып, құрылыс барысын тексерді. 
– Жаңа жолдағы көпірдің ұзындығы 176 метр, ал биіктігі 45 метрді құрайды. Жолдың тағы бір маңызды ерекшелігі – оның бұрынғы айналма бағытпен салыстырғанда шамамен 6 шақырымға қысқа болуы. Бұл жүргізушілер уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

 

Осинов асуы – қыста ауа райы қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы күрделенетін учаскелердің бірі. Жаңа жолдың іске қосылуы осы аумақтағы қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, көлік қатынасын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жаңа бағыт Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту үшін маңызды. Жол пайдалануға берілген соң демалушылар Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарындағы туристік нысандарға қауіпсіз әрі қысқа бағытпен жете алады.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті.

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив