Сәтбаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесі қиылысындағы жол айрығы құрылысына байланысты жол қозғалысына уақытша өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ертең, 18 қыркүйек сағат 11:00-ден 20-қыркүйекке дейін айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылады. Қала әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, осы уақытта Есенберлин көшесіндегі 2 бағыттағы жол да жабылады.
Жолдағы қозғалыс уақытша жасалған сызба бойынша жүзеге асырылады. Жүргізушілерге бағытты алдын ала жоспарлап, жол белгілеріне назар аудару сұралады.
Пікірлер